Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелеріне жабдық жеткізу туралы ақпарат Дата : 02.09.2010 14:53:00 Разместил : УО СКО 2010 жылы республикалық бюджет қаражаттары есебінен Солтүстік Қазақстан облысының 49 мектебін жалпы сомасы 200,8 млн теңгеге биология кабинеттерімен жарақтандыру жоспарлануда. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы облыстың 37 мектебі 205,0 млн теңге сомасына лингафондық мультимедиялық кабинеттерді алады. Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерін кезең-кезеңмен жарақтандыру жүзеге асырылатын болады. |